Өзге комитеттердің төрағаларының да есімі аталды.
ERNUR.KZ. Бүгін Сенаттың жаңа сессиясындағы алғашқы отырысында комитет төрағалары сайланды, деп жазады baq.kz.
Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті төрағалығына Мұхтар Құл-Мұхаммедті ұсынамын. Мұхтар Абрарұлы – өте тәжірибелі, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, - деді сенатор Дана Нұржігіт.
Сөйтіп, депутаттардың дауыс беруімен, халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті төрағасы болып Мұхтар Құл-Мұхаммед қайта сайланды.
Ал өзге комитеттердің төрағалары болып, мына депутаттар сайланды:
Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы – Ольга Перепичина;
Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы – Владимир Волков;
Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің хатшысы – Дәурен Әділбеков;
Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы – Мұрат Бақтияров;
Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы – Әли Бектаев.