Мүмкіндігі барлар қашықтықтан жұмыс істеу режиміне көшуге міндетті - министр

0
1 378

Қашықтықтан жұмыс істеуге мүмкіндігі барлар бүгіннен бастап сол режимге көшуі тиіс.


Мүмкіндігі барлар қашықтықтан жұмыс істеу режиміне көшуге міндетті - министр

Төтенше жағдай туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министр Біржан Нұрымбетов төтенше жағдайға байланысты жұмысына шектеу қойылып немесе уақытша тоқтатуға мәжбүр кәсіпорындар мен мекемелер туралы айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бүгіннен бастап Қазақстан аумағында Президент Жарлығымен төтенше жағдай жарияланған болатын. Министр осы жағдайға қатысты біраз мекемелердің жұмысына шектеу қойылып, кейбірі уақытша жұмысын тоқтатуға мәжбүр болатынын айтты. Сонымен қатар, жұмыс берушілерге жұмысшылардың алдында үлкен улеуметтік жауапкершілік танытып, Еңбек заңын толық сақтауға шақырды. Сол сияқты, азаматтардың да өздерінің еңбек құқығын білуі тиістігін айтты.

«Бүгінгі таңда барлық кәсіпорын және мекемелер қашықтықтан жұмыс істеуге мүмкіндігі болса, осы қашықтықтан жұмыс істеуге көшуге міндетті. Бұл жерде бұл Еңбек Кодексінің 138-бабымен реттеледі. Яғни, қашықтықтан жұмысқа көшкенде оның еңбек жалақысын төлеу тәртібі өзгермейді. Еңбек Кодексі бойынша оған жұмыс беруші жұмыс жасауына жағдай жасауға міндетті. Және де жұмысшы атқарылған жұмыс бойынша өзінің ай сайынғы алып жүрген жалақысын алатын болады", деді Біржан Бидайбекұлы онлайн өткен брифингте.