Мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді

0
1 057

Лондон және Нью-Йорк шикізат биржаларындағы сәрсенбі күнгі сауда-саттықтың нәтижелері бойынша мұнайдың бағасы төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді

Лондон және Нью-Йорк шикізат биржаларындағы сәрсенбі күнгі сауда-саттықтың нәтижелері бойынша мұнайдың бағасы төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сауда нәтижесіне сәйкес, Лондонның ICE Futures биржасында сәуір айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері бір баррель үшін 0,85 долларға түсіп, 65,78 долларды құрады. Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың сәуір айындағы фьючерстерінің бір баррелі 1,37 долларға арзандап, 61,64 доллар болды.