Мұрат Нұртілеу премьер-министрдің орынбасары - сыртқы істер министрі қызметінде қалды

0
449

Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу 1976 жылы Алматы қаласында туған.


Мұрат Нұртілеу премьер-министрдің орынбасары - сыртқы істер министрі қызметінде қалды

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі лауазымына тағайындалды.

Тиісті жарлықты Ақорданың баспасөз қызметі жариялады.

Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу 1976 жылы Алматы қаласында туған.
1998 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетін тәмамдаған.
Мансап
1998-1999 жылдары – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік протокол қызметінің референті, атташесі.
1999-2003 жылдары – Қазақстанның Малайзиядағы Елшілігінің атташесі.
2003-2004 жылдары – ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің екінші хатшысы.
2004-2006 жылдары – ҚР Сыртқы істер министрінің кеңесшісі.
2007 жылы – ҚР Сыртқы істер министрі хатшылығының басшысы.
2007 жылы – ҚР Парламенті Сенатының Аппараты басшысының орынбасары.
2007-2011 жылдары – ҚР Парламентінің Сенаты Аппаратының басшысы.
2011 жылы – ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.
2011 жылы – ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің директоры.
2011-2014 жылдары – Қазақстан Республикасының Женевадағы (Швейцария Конфедерациясы) Тұрақты өкілдігінде кеңесші-уәкіл.
2014-2016 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары.
2016-2019 жылдары – Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Эстониядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы.
2019-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.
2021-2022 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары.
2022 жылғы 5 қаңтар – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары.
2022-2023 жылдары – Қазақстан Президенті Әкімшілігінің басшысы.
2023 жылғы 3 сәуірден бастап ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі болып тағайындалды.
Ағылшын және неміс тілдерін меңгерген.
Үйленген, 4 баласы бар.