Мұсылман және христиан дінбасыларының өкілдері қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа қолдау білдірді

0
78

Исламда өлімнен кейінгі донорлыққа тыйым салынбайды.


Мұсылман және христиан дінбасыларының өкілдері қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа қолдау білдірді

ERNUR.KZ. Шариғат тірі адамның өмірін сақтау үшін қайтыс болған адамның ағзаларын алуға мүмкіндік береді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Елбек Тасболатұлы мәлімдеді.

«Сондықтан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанындағы ғұламалар кеңесі бірнеше жыл бұрын ағза ауыстыру үкіміне қатысты пәтуа шығарған. Бұл ресми діни құжат болып есептеледі. Бұл пәтуада әлемнің белгілі пәтуа беретін мекемелері мен әлемнің үлкен ғалымдарының тәжірибелері ескерілді. Оған сәйкес өзіндік шарттармен тірі адамнан тірі адамға болсын, қайтыс болғаннан тірі адамға болсын, ағза ауыстыруға болады», — деді ол.

Астана қаласы Успен кафедралды соборының кілтшісі, иеромонах Дмитрий Байдек атап өткендей, православие шіркеуі нанымының негізі – інжіл. Онда «өмірін достары үшін бергеннен артық махаббат жоқ» делінген. Діни қызметкердің айтуынша, егер адам біреудің өмірін сақтай алса, ол осы әрекетке баруы керек.

«Яғни, бұл оның сүйіспеншілігі, шын махаббаты, иеміз айтқан махаббатының көрінісі. Кейбір тыйымдарға келетін болсақ, бұл шын мәнінде алалаушылық, өйткені дінде мұндай хирургиялық әрекеттерге тыйым жоқ», — деп қосты спикер.