«МузАрт», «Жігіттер», Қайрат, Төреғали үшін халық несиеге батып жатыр – блогер

0
175

​Блогер тойға келетін әншілердің гонорарын біріздендіру мәселесін көтерді.


«МузАрт», «Жігіттер», Қайрат, Төреғали үшін халық несиеге батып жатыр – блогер

Фото: Instagram/saken_maigaziyev

ERNUR.KZ. Блогер Тортуыл Шоқан Facebook парақшасында тойға танымал әншілер шақырып, жылдар бойы несие төлейтіндердің мәселесін көтерді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Ол сөз басында әншілердің гонорары үшін несие алып, оны еселеп төлеп жүргендер жайлы қозғады.

«Тойға, жақсылығыңа шақырсаң, млн-дап ақша сұрайтын «МузАрт», «Жігіттер», Қайрат, Төреғали, Ә. Әлқожа, Наркенже, т.б. әншілерді шақырмай-ақ қойыңдар.
Наркенже сұрайтын 1 млн теңгені бір адам 1 жыл жүріп, әрең табады. Қайраттар алатын 5-6 млн теңгені кредит алып берсең, оны кемі 5 жыл төлеп, 10 млн қылып қайтарасың.
Жабық кештерге кім қанша төлейді, шаруамыз жоқ. Бір той-томалақтағы әнші бағасын әр әніне қарай белгілеу керек, болды. «Бір ән – 100 доллар» деп бекісе, дұрысы осы», - деп өз ойын бөлісті.

Ол сөзін жалғай отырып, той жасау кезіндегі бақталастық мәселесін ерекше қозғап өтті.

«Тойдың сәні – ұтымды әзіл, тойымды мәзір, жақсы тілек, күйің келіп берген ақшалай сыйлық емес пе? Ойбой, ананың тойына «анау», мынаның тойына «мынау» келіпті деп бақталастыққа өзіміз итермелейміз.
Тойдың сәні танымал адамдар емес, маңыздысы – ағайының, болды. Байдың алдында кедей бүгежектемес үшін жүрген жерімізде әлеуметтік теңсіздіктерге жол бермеуіміз керек!» - деп Тортуыл Шоқан ойын аяқтады.