Депутаттардың талқылауына «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы ұсынылады.
фото: © parlam.kz/Ж. Құспанов
Астана, 13 сәуір, Мәжіліс үйі. Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Палатаның Бюро отырысында алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды,-деп хабарлайды ERNUR.KZ
Депутаттардың талқылауына «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы ұсынылады. Ол Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» және «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауларында айтылған басым бағыттарды, сондай-ақ Президенттің бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыруға бағытталған. Сонымен қатар, депутаттардың қарауына «2004 жылғы 18 маусымдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы шеңберінде құпия ақпараттың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Заң жобасы ұсынылады. Сондай-ақ, күн тәртібі жобасында жаңадан жұмысқа алынатын құжаттар да бар. Олар: Қазақстан мен Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы және Қазақстан мен Литва арасындағы бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды және медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамдарды беру туралы шарттарды ратификациялау туралы Заң жобалары.