Наурызнама-2026: Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні аясында Ақтөбеде 24 сағаттық жыр кеші өтуде

0
237

Ұлттық рухани мұраны ұлықтауға бағытталған жыр кешінде ата-бабадан жеткен батырлар жыры мен жыраулар поэзиясы тәулік бойы толассыз жырлануда.


Наурызнама-2026: Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні аясында Ақтөбеде 24 сағаттық жыр кеші өтуде

ERNUR.KZ. Ақтөбе қаласында «Наурызнама» онкүндігінің Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні аясында «Жыраулар жолымен…» атты 24 сағаттық жыр кеші өтіп жатыр, деп хабарлайды Ақтөбе облысының әкімдігі.

Ұлттық рухани мұраны ұлықтауға бағытталған жыр кешінде ата-бабадан жеткен батырлар жыры мен жыраулар поэзиясы тәулік бойы толассыз жырлануда. Бұл жоба халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан жыршылық дәстүрін жаңғыртып, кейінгі ұрпаққа кеңінен насихаттауды мақсат етеді. 16 наурыз күні сағат 11:00-де басталған жыр кеші 17 наурыз күні сағат 11:00-ге дейін үздіксіз жалғасады.

Тағылымды мәдени жоба ұлттық өнерді дәріптеп, жыраулық дәстүрдің өміршеңдігін айшықтайтын ерекше рухани шара ретінде көпшілікке ұсынылып отыр.