Қазақстанда 103 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырады, 25 мыңнан астам адам ату жазасына кесілді
ERNUR.KZ. ҚР президентінің телерадиокешені Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қуғын-сүргін жылдары жайлы айтқан сөзін еске түсіретін ролик жариялады, деп жазады sputniknews.kz.
"Әлемде бірде-бір ел, бірде-бір халық өз елінде демографиялық жағдайдағы осындай бұрылысты бастан кешкен жоқ және Қазақстан секілді толық жойылып кетудің алдында тұрмады. Біз аман қалдық, ұлт ретінде ұйыса білдік, біз мейірімсіз болып кетпедік, кектенген жоқпыз, 20 ғасырдағы жантүршігерлік трагедияға ешкімді айыптамадық. Біз табандылық танытып, сталинизмнің барлық жазықсыз құрбанына көмектестік", - дейді Елбасы.
Егеменді Қазақстанда қабылданған алғашқы заңдардың бірі жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы заң болды.