Саидмұрат Тәңірберген 2015 жылдың маусымында Қауіпсіздік кеңесі хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалған.
Саидмұрат Тәңірберген Қауіпсіздік кеңесі хатшылығының меңгерушісі қызметінен босатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының шешімімен "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Саидмұрат Бапанұлы Тәңірберген Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі қызметінен босатылды", - деп жазылған Ақорданың сайтында.
Саидмұрат Тәңірберген аталған қызметті 2015 жылдың маусымынан бастап атқарып келген.