Назарбаевтың қанынан вакцина әзірленетіні туралы ақпаратқа қатысты министрлік түсініктеме берді

0
1 074

Бүгін кей ақпарат көздері осындай мәлімет таратқан болатын.


Назарбаевтың қанынан вакцина әзірленетіні туралы ақпаратқа қатысты министрлік түсініктеме берді

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Назарбаевтың қанынан вакцина жасалады деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды ERNUR.KZ министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Желіде Нұрсұлтан Назарбаевтың қан материалдары негізінде коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны әзірленетіні ақпарат тарап жатыр. Бұл шындыққа сәйкес келмейді. Уәкілетті органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу бойынша осы материалға сараптама жүргізу және оның одан әрі таралуына жол бермеу жөнінде шара қабылдау тапсырылды", - делінген министрлік ақпаратында.

Сондай-ақ, министрлік азаматтарды әлеуметтік желіде шындыққа жанаспайтын ақпаратты таратпауға және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.

Жалған ақпарат таратқандар қылмыстық кодекстің 274-бабына ("көрінеу жалған ақпарат тарату") сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылады.