​Назарбаев ОҚО-да зорланды деген баланың оқиғасына қатысты пікір білдірді

0
1 193

Неге заң бұзылып жатыр?


​Назарбаев ОҚО-да зорланды деген баланың оқиғасына қатысты пікір білдірді

фото familiesmagazine.com.au

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысында кәмелетке толмаған баланың атышулы ісі туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ. tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Жоғары сыныптағылар зорлаған ОҚО-лық баланың ісі жайлы Қауіпсіздік Кеңесінде айтылды. Осыдан кейін әуре-сарсаң басталды. Таныс-тамырлары шығып, ешкімді де таппай, ештеңені де дәлелдей алмады. Полицияда - туыстары, органдардағылар да - туыстары... Бұлай болмайды! Бұл заңда жазылған, мұндайға жол бермеу керек! Неге заң бұзылып жатыр? Сондықтан да біздің цифрлық партия, Қазақстан, экономика, бұл біздің жол", - деді Назарбаев.

Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен "Нұр Отан" партиясының кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.

Еске салайық, ОҚО-ның Сарыағаш ауданындағы Абай ауылында сексуалдық зорлық болды деген мәлімет желіде наурыз айында пайда болған еді. Ал жоғары сыныптағылар топ болып зорлады деген күдікке ілінді. Бұл оқиға қоғамда қызу талқыланған.