Неке қию туралы өтінішті енді мобильді қосымша арқылы беруге болады

0
753

Брифинг барсында министрлік өкілі Әділет министрлігіндегі цифрландыру жұмыстарына жеке тоқталды.


Неке қию туралы өтінішті енді мобильді қосымша арқылы беруге болады

ERNUR.KZ. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар брифингінде Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков айтты деп жазады inbusiness.kz.

"Халық Банк қосымшасы осы жақында ғана іске қосылды. Екі аптаның ішінде 440 жанұя сол қосымша арқылы тіркелді. Біз керекті нәрсе екенін көріп отырмыз" - деді ол.

Сондай-ақ брифинг барсында министрлік өкілі Әділет министрлігіндегі цифрландыру жұмыстарына жеке тоқталды. Мәселен меншік иелерінің бірлестігі төрағасын онлайн тіркеу және таңдауға болады. Тұрғын үйлерді басқару жұмыстары бір жолға қойылып жатыр – дейді Бекболат Молдабеков.