"Несием бар": Семей әкімі жалақысының қанша екенін айтты

0
601

Әкім пандемияның қаржылық жағынан отбасына әсер еткенін айтты.


ERNUR.KZ. Семей әкімі Нұрымбет Сақтағанов жалақысының қанша екенін айтты, деп жазады Stan.kz.

Семей басшысының кәсіпкерлермен болған кездесуінде тұрғын: "Сіз дағдарыстың ауыртпалығын сездіңіз бе? Бәлкім, жалақыңыз қысқарып қалған шығар? Әлде жұмыс кестеңіз қысқарды ма? Пандемия кезінде қанша жалақы алып жүрсіз?" деп сұрады.

"Мен айына 450 мың теңге жалақы аламын. Несием бар. Пандемияның қаржылық жағынан менің отбасыма әсері болды", - деп жауап берді шенеунік.

"Ал мемлекеттік қызметкерлерге ақшаны кім төлейді? Мемлекет кімнің ақшасына өмір сүріп жатыр? Әрине, біздің ақшамызға! 2500 теңге қарызым үшін жақында үйдегі жарықты қиып кетті. Міне, біздің өміріміз осы. Ал сіз шектеу шаралары туралы айтып отырсыз. Ертеңгі күні халық ұрлық-қарлықты қойып, өз өздеріне қол сала бастайды", - деді сұрақ қойған әйел.

Еске салайық, бұған дейін Семей әкімі желідегі жазбасы үшін халықтың сынына қалған еді.