«Nur Otan» жалған ақпарат таратқаны үшін бірнеше азаматты сотқа берді

0
738

Партияға тағылған айыптау әлеуметтік желілер мен БАҚ-та да кеңінен тараған.


«Nur Otan» жалған ақпарат таратқаны үшін бірнеше азаматты сотқа берді

ERNUR.KZ. Nur Otan» жалған ақпарат таратқаны үшін С.Закиров, М.Тұрымбетов және А.Ильяшев есімді азаматтардың үстінен сотқа арыз берді, деп жазады ҚазАқпарат.

Бұған дейін жауапкерлер партия құруға кедергі келтірді деген желеумен бірнеше рет «Nur Otan» партиясының үстінен сотқа шағымданған. Партияға тағылған бұл айыптау әлеуметтік желілер мен БАҚ-та да кеңінен тараған.

«Саяси партиялар туралы» Заңның 10-бабы 1-тармағына сәйкес, саяси партияны мемлекеттік тіркеуді ҚР Әділет министрлігі ғана жүзеге асырады. Демек, «Nur Otan» партиясы басқа партияларды тіркеу ісіне қатыса алмайды. Оның үстіне, бұл мәселе бойынша біреуге кедергі келтіретіндей мүмкіндігі де жоқ. Сондықтан «Nur Otan» партиясы бұл әрекетті қоғамдық бірлестіктің беделіне нұқсан келтіру үшін жасалған деп есептейді. Соған байланысты «Nur Otan» партиясы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 143-бабына сәйкес тиісті талаппен Алматы қаласының Жетісу аудандық сотына жүгінді», - делінген таратылған ақпаратта.