Нұр-Сұлтан тұрғынына шатырдан металл күмбез құлап қаза тапты: Меншік иесіне рақымшылық жасалды

0
561

Өткен жылдың қазан айында Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Гаухар Ахметжановаға бизнес орталықтың шатырынан металл конструкциясы құлаған.Ол жансақтау бөлімінде екі ай жатып, есін жимастан қайтыс болды.


Нұр-Сұлтан тұрғынына шатырдан металл күмбез құлап қаза тапты: Меншік иесіне рақымшылық жасалды

ERNUR.KZ. Меншік иесі болса жазадан рақымшылық алған, деп жазады Stan.kz.

"Номад" ТК бизнес орталығының төбесіне металл күмбезін дұрыс орнатпаған кәсіпкер жазадан құтыла алады. Меншік иесі ғимараттың төбесінде романтикалық кездесулер өткізетін металл-шыны шар жасау үшін бизнес орталығының иесімен жалға алу шартын жасасып, шатырға күмбез орнату жұмыстарына қызметкерлер жинағанын хабарлады.

Қадағалау органы конструкцияның тиісті түрде бекітілмегенін және қауіпсіздік техникасы нормаларын бұза отырып орнатылғанын атап өтті. Қатты желдің салдарынан күмбез төбеден құлап, астаналықтың өліміне себепші болды.

Бастапқыда іс сотқа дейінгі тергеу қылмыстық кодекстің 306-бабы қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату бойынша тіркелді. Бұл бап бойынша төрт жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Алайда, қайғылы оқиға кезінде объект пайдалану үшін металл конструкциясының дайын болмауына байланысты жұмыс істемегендіктен меншік иесі қылмыстық кодекстің 104-бабының 1-бөлігіне қайта сараланып абайсызда өлім келтіру бойынша үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

"Күмбездің иесі аталған қылмысты жасағанын мойындады және кейіннен сотқа дейінгі тергеу материалдары Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 35-бабының 1-бөлігі 3-тармағына сәйкес рақымшылық бойынша тоқтатылды", - деп хабарлады қала прокуратурасында.

Бұдан басқа, Есіл ауданының полиция басқармасы Нұр-сұлтан қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының атына заңдылықты бұзушылықтарды жою туралы тексеру жүргізу және "А" бизнес-орталығының меншік иесін заңда көзделген жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізді. Қазір полицияның ұсынысы қарастырылуда.

Бұған дейін қаза тапқан Гаухар Ахметжанованың қызы Жұлдыз Тұрсынбекова бұл жағдайға кінәлілердің жазаға тартылуын талап ететінін жеткізген.

Гаухар Сәкенқызы Ахметжанова 2021 жылы 16 желтоқсанда есін жимастан жансақтау бөлімінде қайтыс болды. 56 жастағы сәулетші елордадағы көптеген нысандарды, соның ішінде Бас прокуратура ғимаратын жобалап, қызмет атқарған.