Нұр-Сұлтанда ауыз судың жағымсыз иісіне не себеп болғаны анықталды

0
826

Тұрғындардың шағымынан кейін «Астана су арнасы» ауқымды тексеріс жасаған.


Нұр-Сұлтанда ауыз судың жағымсыз иісіне не себеп болғаны анықталды

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтандағы ауыз судың жағымсыз иісіне - су қоймасында биыл белсенді түрде гүлдеген балдырлар себеп болуы мүмкін. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаменті тексерістің алдын ала қорытындыларымен бөлісті, деп жазады Almaty.tv.

Айта кетейік, осыған дейін елордалықтар Facebook-те краннан аққан судың жағымсыз иісіне шағымданған болатын. Тұрғындардың шағымынан кейін «Астана су арнасы» ауқымды тексеріс жасаған еді.

«Биыл су қоймасындағы шағын балдырдар өте белсенді түрде гүлдеді. Ауыз судың жағымсыз иісін сонымен байланыстырып отырмыз. Елорда тұрғындары көгергеннің, балшықтың, топырақтың иісі шығады деп шағымданды. Соңғы рет елордалықтар дәл осындай өкпе-ренішпен 2011 жылы арызданған болатын. Дәп сол жылы да балдырлар көп гүлдеді. Айтып өтуім керек, судың жағымсыз иісі болса да, денсаулыққа еш қаупі жоқ. Ол күн суыта жоғалады», – деді Нұр-Сұлтан қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Сәдуақас Байғабылов.