Елордада бірден COVID-19 жұқтырған 52 адам 28 сәуір сағат 10:50-де анықталған еді.
ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан әкімдігі коронавирус жұқтырған 52 адамқа қатысты жаңа дерек мәлімдеді, деп жазады Tengriews.kz.
"51 адам - бұған дейін коронавирус жұқтырған науқаспен байланыста болғандар. Оның ішінде 26 жастағы әйел мен 19-34 жас аралығындағы ер адамдар бар. Тағы бір 25 жастағы келіншек өзі жүгінді", - дейді әкімдік өкілдері.
Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда жалпы COVID-19 жұқтырған 599 адам анықталды. Оның 216-сы жазылып шықты.
Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырған 2982 адам анықталды. 754 науқас жазылып шықты. Тағы 25 адам COVID-19-дан қайтыс болды.