Нұр-Сұлтанда коронавируспен ауырған балалар саны күрт артқан

0
514

Дәрігерлер дабыл қағуда.


Нұр-Сұлтанда коронавируспен ауырған балалар саны күрт артқан

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда 14 жасқа дейінгі балалар арасында коронавирустық инфекция жұқтырғандардың саны үш есеге артты. Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова хабарлады, деп жазады sputnik.kz.

Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласы бір айдан астам уақыт "қызыл аймақта" тұр. Қалада күніне 350-ден 650-ге дейін жағдай тіркеледі.

"Соңғы аптада сырқаттанушылық көрсеткіші алдыңғы аптадан 9,7%-ға жоғары. 100 мың тұрғынға шаққандағы қарқынды көрсеткіш 320,43-ті құрады. Репродуктивті саны — 1,021. Жыл басынан бері қаламыздағы вирус жұқтырған науқастардың саны 22 мыңнан асты. Ал пандемия басталғаннан бері 41 214 жағдай тіркелді. Оның 26 888-і — симптоматикалық және 14 326-ы — асимптоматикалық", — деді Сархат Бейсенова.

Оның айтуынша, науқастардың басым бөлігі - ересектер. Олар КВИ-мен ауырғандардың 79,9%-ін құрайды, балалар 17,3%-ті, жасөспірімдер 2,8%-ті құрады.

"Науқастар арасында 14 жасқа дейінгі балалар арасында вирус жұқтыру көрсеткіші үш есе артқаны байқалады. Қаңтарда – 571, ақпанда – 479, наурызда – 1106, сәуірде – 1790. Айтарлығы, инфекция жұқтыру балалардың барлық жас топтарында байқалады. Бұл ретте сәуір айында жалпы сырқаттанушылық көрсеткіші бойынша балалар үлесі 0,8%-ке азайды. Бұл 7-10 жас аралығындағы (5,1%-тен 4,3%-ке дейін төмендеді), 11-14 жастағы (4,5%-тен 4,3%-ке дейін төмендеді) мектеп оқушыларына қатысты қабылданған шектеу шараларының тиімділігін көрсетеді", — деп атап өтті қаланың бас санитар дәрігері.