Бұл туралы Қазақстан мен Қырғызстан Президенттерінің бірлескен мәлімдемесінде белгілі болды.
Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтанда Манас пен Шыңғыс Айтматовтың, Бішкекте Абай ескерткіштері ашылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Бұл туралы Қазақстан мен Қырғызстан Президенттерінің бірлескен мәлімдемесінде белгілі болды.
Аталмыш құжатта қос халықтың мәдени-тарихи және тілдік ортақтығын ескеріп, ғылым, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, туризм, спорт және басқа да салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бейілділігін растайтындығы айтылған. Осы орайда тараптар бірлескен білім беру және ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыруды жалғастыруға ниетті екендіктерін айтты.
Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының Тәуелсіздіктерінің 30 жылдығын мерекелеуге орайластырылған алдағы мерейтой іс-шараларының маңыздылығын атап өтеді.
Сондай-ақ мәлімдемеде тараптарың бірлескен телевизиялық жобалар, көрмелер, фестивальдер және өзге де мәдени іс-шаралар өткізу тұрғысынан жәрдем көрсетуге, ортақ тарихи және мәдени мұраны сақтау мен ілгерілету мақсатында күш-жігер біріктіруге әзірлігі сөз болды.
"Жуық арада Абай Құнанбаевтың Бішкекте, сондай-ақ, Манас пен Шыңғыс Айтматовтың Нұр-Сұлтанда ескерткіштерін орнату туралы уағдаластықтардың ерекше мәнге ие екенін айрықша белгілеп өтеді.
Тараптар табысты келіссөздер мен сапар барысында қол қойылған екіжақты құжаттар Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы достық және одақтастық қатынастарды одан әрі нығайтуға ықпал ететінін, сондай-ақ, қол жеткізілген уағдаластықтарды ойдағыдай іске асыруға ерекше мән береді",- делінген Ақорда хабарламасында.