Бір жарым жасар бала металл сырғанақтан 2-3 дәрежелі күйік алған.
иллюстрациялық фото
ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда бала күнге қызған сырғанақтан 2-3 дәрежелі қатты күйік алды. Бұл туралы баланың анасы айтты, деп жазады Stan.kz.
Шырылдаған ана желідегі пабликтердің бірінде жазба жариялады. Онда "Жетісу" саябағында (сол жағалауда - ред.) оның бір жарым жасар баласы металл сырғанақтан 2-3 дәрежелі күйік алғанын айтты.
"Бала саябақта жүгіріп, сүрініп ойнап жүрді. Сырғанаққа келгенде құлап қалды.Орнынан тұрып ары қарай жүгіре беруші еді, бірақ сырғанақ күннің ыстығынан оттай жанып тұр екен", - делінген хабарламада.
Оның айтуынша, бала елордалық ауруханалардың бірінің күйік бөліміне жатқызылды.
"Қазіргі уақытта бала ауруханада жатыр. Оған ұзақ емделу керек, сонымен қатар кем дегенде бір айға дейін қатаң режімде емделуі керек. Таңу, инъекция, антибиотиктер, ауырсынуды басатын дәрілер, катетер, температура 39", - деп қосты әйел.
Ол "Жетісу" саябағы әкімшілігі мен Нұр-сұлтан әкімдігінен балалардың қауіпсіз демалуын қамтамасыз етуді талап етті. IKomek қызметіне жүгіну, оның айтуынша, нәтиже бермеді.