Жаңа гигиеналық талаптар осы жылдың желтоқсан айының басында қабылданған еді.
ERNUR.KZ. Бүгіннен бастап мектеп оқулықтарына қойылатын жаңа талаптар күшіне енді, деп жазады Zakon.kz.
Жаңа гигиеналық талаптар осы жылдың желтоқсан айының басында қабылданған еді.
Оқулықтың салмағына қойылатын талап:
1-4 сыныптарға арналған оқулық 300 грамм;
5-6 сыныпқа арналған оқулық 400 грамм;
7-9 сыныпқа арналған оқулық 500 грамм;
10-11 (12) сыныпқа арналған оқулық 600 граммнан аспауы тиіс
Cалмақтан бөлек, шрифт, жолдың ұзындығы сияқты элементтерге қойылатын талаптар бекітілді.
Сондай--ақ мәтіндік ақпаратты безендіруге және электрондық оқулықтарға қойлатын талаптар да айқындалды.
"Оқу басылымдарына қойылатын гигиеналық нормативтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-124 бұйрығын толығырақ мына жерден оқи аласыздар.