Оқушыны үйіне дейін қуып келген педофилге ешқандай шара қолданылмаған

0
1 834

Астанада 14 жастағы қызды педофил үйіне дейін қуып келген


Оқушыны үйіне дейін қуып келген педофилге ешқандай шара қолданылмаған

фото:sn.kz

ERNUR.KZ. Астана тұрғыны Оксана Меньшикова 14 жастағы оқушы қызын педафил үйіне дейін қуып келгенін айтты. Facebook әлеуметтік желісіндегі «Астана, хочу похвалить/пожаловаться» тобына ол жергілікті полицейлер 10 күн өтсе де ешқандай шара қолданбай отыр шағымданды, деп жазады sn.kz.

Оқиға осыдан 10 күн бұрын болыпты. Белгісіз ересек адам мектептен үйге бет алған оқушының ізіне түскен.

«Қызыма «телефон нөміріңді бер. Сені ұнатып қалдым. Мамаң ештеңе білмейді. Қорықпа» деген. Қызым тез-тез жүріп подьезге дейін келген. Ішке кіріп, лифтімен көтерілмек болғанда әлгі педофил (басқалай айта алмай отырмын) есікті жаптырмаған. Қайта абырой болғанда, сол кезде көрші келіншек келе қалған», - деген Меньшикова полицияға сол күні арыз түсіргенін айтады.

Десе де құзырлы орындар камерадағы жазбаны алуға асығар емес.

«Арыз тастағыма 10 күн болса да, полицейлер қылмыскерді іздеп жатқан жоқ. Оның түрі бейнебақылау камерасында анық көрініп тұр», - дейді Астана тұрғыны.