«Оқжетпес» футбол клубы қызметкерлеріне 425 млн теңге қарыз

0
633

160 қызметкерінің жалақысын төлемеген.


«Оқжетпес» футбол клубы қызметкерлеріне 425 млн теңге қарыз

Көкшетау прокуратурасының мәліметінше, футбол клубы 160 қызметкерінің жалақысын төлемеген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Прокурорлар Ақмола облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты «Оқжетпес» ШЖҚ футбол клубы жанындағы мемлекеттік кәсіпорынның 160 қызметкерінің жалақысын төлемегенін, берешегі 425 млн теңгені құрағанын анықтады.

Прокурордың жауабынан кейін қызметкерлерге берешегі өтеліп, кінәлілер жауапқа тартылды.