"Өлтіріп, денесін тоңазытқышта сақтаған": Ақтөбеде дәрігер сотталып жатыр

0
250

Дәрігерді өлтірді деген күдікке 31 жастағы әріптесі ілінген.


фото: AP Photo / Jean-Francois Badias

ERNUR.KZ. Ақтөбеде белгілі дәрігер Абай Айсағалиевтің өліміне қатысты сот отырысы басталды, деп жазады sputnik.kz.
69 жастағы дәрігер Абай Айсағалиев әріптесінің қолынан қайтыс болды. Күдікті марқұмды өлтіріп, денесін тоңазытқышта сақтаған. Марқұмның денесінде пышақ және соққының іздері болған.
Жантүршігерлік оқиға биыл 24 мамырда болған. Дәрігерді өлтірді деген күдікке 31 жастағы әріптесі ілінген.
Сот материалына сәйкес күдікті мәйіттің қолын байлап, басына пакет кигізіп, тоңазытқышқа жасырған. Сосын марқұмның банктегі есепшотынан 5,2 миллион теңге шешіп алып, жалпы 7,2 миллион теңге көлемінде шығын келтірген. Ол банкоматтарға арнайы силиконды маска киіп барған.
Айыпталушы марқұммен бес жыл бірге жұмыс істеген. Оның жалғыз тұратынын, банкте қомақты қаржысы барын білген. Осы ақпаратты пайдаланып, алдын ала қылмысын жоспарлаған. Қазір күдікті Қылмыстық Кодекстің 99-бабы "Адам өлтіру", 188-бабы "Ұрлық" бойынша айыпталып жатыр.
Қылмыстық іске қатысты алдын-ала тыңдау басталды. 25 қыркүйекте басты сот талқылауы басталады. Айыпталушы істі алқабилердің қатысуымен қарауды сұрады.