Ана мен баланың жағдайы жақсы.
ERNUR.KZ. Орал тұрғыны таксиде босанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Оқиғаның куәгері Азамат Абугалиев Правдухина және Московская көшелерінің қиылысында көлігін жуғызып тұрғанда, Volkswagen автокөлігі тоқтап, артынан жедел жәрдем келген. Оның досы, облыстық перинаталдық орталықтың акушер-гинекологы Тимур Мухамедьяров фельдшерлерге көмектесіп, әйелді босандырып алды», - деп жазады басылым.
Ана мен баланың жағдайы жақсы. Олар облыстық перинаталдық орталыққа жеткізілді.