Оған ешкім көмектесе алмады.
ERNUR.KZ. 4 шілде күні Дерқұл ауылында 12 жастағы Аман Сейфолла қайтыс болды. Көпшіліктің көз алдында баланы суаруға арналған сорғы тартып алып кетті. Куәгерлер оны шығаруға тырысқан, бірақ құтқару мүмкін болмады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Аман Сейфолла ағасымен бірге Дерқұл өзеніне шомылуға барған.
«Жағалауға жақын жерде көкөніс бақшасын суару үшін сорғы жұмыс істеген. Мен оның кімге тиесілі екенін білмеймін. Аманның сол аяғын сорғы жамбасына дейін сорып алған. Құрылғы сүзгісіз жұмыс істеген және оны ешкім қадағаламаған. Жай қосып, кетіп қалған. Куәгерлер ұлымды құтқара алмады. Ұлымды судан шығара алмады. Ер адамдар оның басын судан шығарып ұстап тұрған, бірақ оны құтқару мүмкін болмады. Құтқарушылар келіп, құбырды кесті. Аманды құбырмен бірге судан шығарды. Жедел жәрдем оны реанимациялап, аман алып қалуға тырысты, бірақ оның пайдасы болмады. Ұлым суды көп жұтып қойған, аузынан көбік шықты, аяғы көкпеңбек болды», - деді Аманның анасы Мирамгүл Есетова.
Баланың анасы сорғының ештеңемен қоршалмағанын айтты.
«Жағаға жақын орнатылған және кез келген шомылушы менің ұлымның орнында болуы мүмкін. Мен мұндай қайғы-қасіреттің басқа біреумен болғанын қаламаймын. Кінәлілерді тауып, жазалауды талап етемін», - деді жүрегі қан жылаған ана.
Полиция тергеу амалдарын бастады.