Оралда Air Astana ұшағы борттағы техникалық ақауға байланысты көтеріле алмай қалды

0
2 327

Жолаушылар ұшақта үш сағат болғанын, бірақ тек 3 қаңтарда басқа ұшақпен ұша алғанын хабарлады.


Оралда Air Astana ұшағы борттағы техникалық ақауға байланысты көтеріле алмай қалды

ERNUR.KZ. Оқиға 2 қаңтар күні болған. Жолаушыларға ұшақтың екі рет көтерілуге әрекет жасағаны, бірақ техникалық себептерге байланысты көтеріле алмағаны түсіндірілген, деп жазады zakon.kz.

"Жолаушыларға ыстық түскі ас ұсынылып, келесі күні таңертең, яғни 3 қаңтарда жұмыс ұшағымен Оралдан Астанаға ұшатынына уәде берілді", - деп жазды Уральская неделя басылымы.

Жолаушылар ұшақта үш сағат болғанын, бірақ тек 3 қаңтарда басқа ұшақпен ұша алғанын хабарлады.

Орал халықаралық әуежайының баспасөз қызметі шынымен де кеше, 2 қаңтарда сағат 16.40-та "Air Astanа" әуе компаниясының KC 980 рейсі Оралдан Астанаға ұшуға тиіс болғанын растады.

"Жолаушылар мінгеннен кейін ұшақ екі рет көтерілмек болды, бірақ болмады. Нәтижесінде 2 қаңтар күні сағат 20.30-да ұшақтың Астанаға ұшпайтыны белгілі болды", - деп жазды Уральская неделя.