"Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бойынша тергеу жүріп жатыр.
ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында 18 жастағы бойжеткен өзіне қол жұмсады, деп жазады inbusiness.kz.
Бойжеткеннің денесі 18 мамырда сағат 12.30 шамасында табылған. Ол қаладағы 4-ықшам аудандағы көпқабатты үйдің 8 қабатынан секіріп кеткен.
"Марқұмның мәйіті Орал қалалық сот медициналық сараптамасын жіберілді. Қазіргі күні ҚК 105 бабы 1 тармағы "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бойынша тергеу жүріп жатыр", - дейді ведомство.