Оқиға 3 қазан күні болған.
Фото: depositphotos.com.
ERNUR.KZ. Оралда ішімдік ішкен ер адам танысына пышақ сұғып алды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
БҚО полиция департаментінің мәліметінше, 3 қазанда пәтерлердің бірінде алкогольді ішімдік ішу барысында 51 жастағы ер адам 35 жастағы танысына пышақ жарақатын салған. Күдікті көп ұзамай ұсталды.
Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша ҚР ҚК 108-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.