Зардап шеккендер облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді.
иллюстрациялық фото
ERNUR.KZ. Оралда қалалық мәдениет және демалыс саябағындағы аттракционда әткеншектен сегіз бала құлап кетті, деп жазады ҚазАқпарат.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 2 мамыр күні кешкісін болды.
«Жедел жәрдем сағат 19.36-да шақырылды. Барлығы 8 бала зардап шекті. Алдын ала мәліметке қарағанда, 2014 жылғы қыз баланың денесі, жіліншігі көгерген. 2016, 2013, 2011 және 2012 жылғы екі ұл, сондай-ақ 2012, 2013 жылғы қыз балалар жабық бас-ми жарақатын алып, милары шайқалған. Оған қоса 2011 жылғы ұл баланың жіліншігі сынған. Бәрі де облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда 6 жасар қыз баланың токка түсіп, көз жұмғанын жазған болатынбыз.