Оралда құтқарушылар шұңқырға түсіп кеткен үш жасар баланы аман алып қалды

1
488

Куәгерлердің айтуынша, бала аулада ойнап жүрген кезде ойыншығы трансформатордың жанындағы шұңқырға түсіп кеткен.


Оралда құтқарушылар шұңқырға түсіп кеткен үш жасар баланы аман алып қалды

ERNUR.KZ Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады, деп жазады inbusiness.kz

Оқиға 27 шілде күні сағат 21:00 шамасында болған. Қонаев ықшамауданындағы №51үйдің ауласында құтқарушылар шұңқырдан үш жасар баланың алып шықты.


Куәгерлердің айтуынша, бала аулада ойнап жүрген кезде ойыншығы трансформатордың жанындағы шұңқырға түсіп кеткен. Соны алмақшы болған баланың қолы кептеліп қалған.

Жанынан өтіп бара жатқан көршісі жедел жәрдем шақырған.

Бала жарақат алмаған. Ата-анасы ауруханада ем алудан бас тартқан.