Он жасар бала шамамен биіктігі 4 метр ағаштан құлаған.
ERNUR.KZ. Оралда он жасар бала ағаштан құлап, ауруханаға түсті, деп жазады ҚазАқпарат.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 17 қазан күні шамамен сағат 19.00-де Қ.Аманжолов көшесінде болды.
Он жасар бала шамамен биіктігі 4 метр ағаштан құлаған. Содан кейін облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жатқызылды.
БҚО полиция департаменті ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмау керектігін еске салады.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, бала бас пен мидың жарақатын алған. Қазіргі кезде ол амбулаторлық ем алуға жолданды.