Оралдағы блокпостта жүк көлігі полицияны қағып кетті

0
786

1986 жылғы жүргізуші блокпосттың шлагбаумынан өтер кезде полицияның тоқтау жөніндегі заңды талабына бағынбаған.


Оралдағы блокпостта жүк көлігі полицияны қағып кетті

ERNUR.KZ. Оралда «ГАЗель» автокөлігі блокпостта тоқтамай, полиция қызметкері зардап шекті, деп жазады ҚазАқпарат.

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға 6 мамыр күні сағат 14.00-де Желаев кентіндегі №9 блокпостта болды.

Бәйтерек ауданы Трекин ауылында тұратын 1986 жылғы жүргізуші блокпосттың шлагбаумынан өтер кезде полиция кіші лейтенанты Ақжол Ізбасаровтың тоқтау жөніндегі заңды талабына бағынбаған.

Соның салдарынан полиция қызметкерінің сол жақ табанын басып кеткен.

Содан кейін облыстық аурухананың жарақат пунктіне жеткізілген А.Ізбасаровқа сол жақ табаны көгерген деген диагноз қойылып, дәрігер қарағаннан кейін үйіне жіберілді.

«Жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 610-бабына (жүргiзушiнiң адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзуы) сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Медициналық куәландыруға сәйкес жүргізуші айық болған», деді ҚазАқпарат тілшісіне Б.Болатбеков.

Айта кетейік, 23 жастағы А.Ізбасаров ішкі істер саласында 2018 жылдан бері қызмет атқарып келеді.