Орман өрті кезінде толығымен жанып кеткен лагерь жаңадан салынды

0
348

Лагерь құрылысына "Қазақстан халқына" қорынан 268 млн теңге бөлінді.


Орман өрті кезінде толығымен жанып кеткен лагерь жаңадан салынды

ERNUR.KZ. Қостанай облысында "Балдәурен" балалар лагері жаңадан ашылды. Әулиекөл ауданында орналасқан лагерь екі жыл бұрын орман өрті кезінде толығымен жанып кеткен болатын, деп жазады sputnik.kz.

Лагерь құрылысына "Қазақстан халқына" қорынан 268 млн теңге бөлінді. Ал жергілікті бюджеттің есебінен 13,4 млн теңгеге қажетті жиһаз бен құрал-жабдықтар сатып алынды, сондай-ақ аумақты абаттандыруға 122 млн теңге бөлінді. Сахна, воркаут, спорт алаңдары және шағын сәулет нысандары орнатылды.

Жаңадан ашылған лагерь бір ауысымда 100-ге дейін баланы қабылдай алады. Биылғы жаздың соңына дейін жаңа корпустарда 300 оқушы демалады. Мұнда облыстың барлық 20 өңірінен келетін балалар демалып, денсаулықтарын жақсартады.

Лагерь Әулиекөл ауданының Аманқарағай ауылының орман алқабында орналасқан, 2022 жылы жазда болған өрт кезінде бұл нысан толығымен өртеніп кетті. Төтенше жағдайдан кейін бірінші кезекте тұрғын үй қоры қалпына келтірілді, өрт салдарынан зардап шеккендерге арналған үйлер салынды. Ал өткен жылдың маусым айында "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры Қостанай облысы әкімдігінің өртенген жерде жаңа балалар лагерін салу туралы бастамасын қолдады.