Өртенген "Қазақфильмге" үш жыл күрделі жөндеу жүргізіледі

0
655

2021 жылдан бастап Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамында жаңғырту жұмысы басталды.


Өртенген

ERNUR.KZ. "Қазақфильмдегі" күрделі жөндеу үш жылға созылады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтты, деп жазады baq.kz.

2021 жылдан бастап Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамында жаңғырту жұмысы басталды. Ол үш жыл бойы жалғасады. Жоба киностудияны техникалық қайта жарақтандыруды, инженерлік желілер мен ғимараттарға күрделі жөндеу жүргізуді, сондай-ақ түсірілім алаңын салуды және басқаларды көздейді. Аталған шаралар киностудияны өзін-өзі толық қамтамасыз етуге және заманауи кино фабрикасы ретінде жұмыс істеуге мүмкіндік береді, - деді Ақтоты Райымқұлова.
Министрдің айтуынша, коронавирус пен шектеу шараларына байланысты түсірілім процестері тоқтатылған. Осыған қарамастан, киностудия 2020 жылы табиғи газға демеушілік көмек арқылы 100 миллион теңге шамасында қосу бойынша көптеген жұмыстар жүргізді, соның нәтижесінде 50 миллион теңге үнемделді.
2020 жылдың басынан бүгінгі күнге дейін «Қазақфильм» АҚ 65 халықаралық кинофестивальге қатысып, 32 сыйлыққа ие болған 27 фильм шығарды. Биыл 14 фильм жеті халықаралық кинофестивальге қатысты. Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет «Томирис» фильмінде трюк ойнаған Nomad Stunts каскадерлік тобы әлемдік каскадерлер академиясының «Таурус» сыйлығын алды. ТМД-дағы Канн фестивалі сыйлығының жалғыз иегері қазақстандық актриса Самал Еслямова «НИКА» ресейлік ұлттық киножүлдесінде «үздік әйел рөлі» үшін марапатқа ие болды, - деді ол.