Өртте қаза табатын балалар саны азаймай отыр – министр негізгі себебін атады

0
176

Өрттің және өрттегі адам өлімінің негізгі себептері – жылыту жүйелерінің істен шығуы.


Өртте қаза табатын балалар саны азаймай отыр – министр негізгі себебін атады

фото: Пресс-служба правительства Казахстана

ERNUR.KZ. Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов өрттен қаза табатын балалардың саны не себепті азаймай тұғанын түсіндірді, деп жазады sputnik.kz.
Статистикаға сәйкес, өрттің және өрттегі адам өлімінің негізгі себептері – жылыту жүйелерінің істен шығуы. Атап айтқанда, пеш конструкциясындағы ақаулардан жиі өрт шығады. Ал ондай ақаулар әлеуметтік осал азаматтардың үйлерінде көп. Олардың арасында көпбалалы отбасылар да бар.
"Көбінесе балалар ересектердің қарауынсыз қалған жағдайда бір мезетте бірнеше бала көз жұмады. Осындай оқиғаның бірі Жетіқара қаласында 11 қазанда болды, өрт салдарынан үйде қараусыз қалған бес бала қаза тапты. Аталған фактілерді ескере келе, министрлік әлеуметтік осал топтарды ерекше бақылауда ұстап отыр. Бүгінде есепте тұрған жүз мыңнан астам үй бар", - деді Әрінов үкіметтің бүгінгі отырысында.
Оның айтуынша, құтқарушылар әкімдіктермен және еріктілермен бірлесіп, тегін өрт датчиктерін орнатады. Жылу беру жүйелеріне мүмкіндігінше тазалау және жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бірақ кейбір адамдар үйіне кіргізбейтін көрінеді.
"Осы ретте жеке тұрғын үй секторы министрліктің бақылауына жатпайтынын, аула аралау кезінде ұсыныстармен ғана шектелетінімізді айта кетейін. Оған қоса, көп жағдайда халық үйіне бас сұқтырмайды, кеңес алудан бас тартады. Соған қарамастан, азаматтарды өрт қауіпсіздігі шаралары туралы SMS-хабарламалар, үйлер мен мүлік иелері бірлестіктерінің чаттары арқылы хабардар етіп отырамыз",-деп толықтырды министр.
Қазіргі кезде көп қабатты тұрғын үйлер мен адамдар көп жиналатын нысандарды пайдалануға қабылдау өкілеттігін төтенше жағдайлар министрлігіне беру мәселесі пысықталып жатыр.