​ОСК жалпыұлыттық социал-демократиялық партиясының партиялық тізімін тіркеді

0
95

ОСК Төрағасы Нұрлан Әбдіров Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысуға 7 саяси партия жіберілгендігін атап өтті.


​ОСК жалпыұлыттық социал-демократиялық партиясының партиялық тізімін тіркеді

ERNUR.KZ. Бүгін ОСК Төрағасы Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау науқаны аясындағы Орталық сайлау комиссиясының төртінші отырысы өтті.

Күн тәртібіне сәйкес 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға қатысу үшін «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімін тіркеу мәселесі қаралды.

Отырысты ашқан ОСК Төрағасы Нұрлан Әбдіров Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысуға 7 саяси партия жіберілгендігін атап өтті. Сондай-ақ ол биылғы жылғы 9 шілдеде Орталық сайлау комиссиясына Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы партиялық тізімін ұсыну туралы құжаттарын тапсырғандығын болатын. Сайлау туралы заңнамаға сәйкес Орталық сайлау комиссиясы кандидаттардың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген талаптарға сәйкестігін айқындау рәсімдерін жүргізді.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша баяндама жасаған Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Михаил Бортник «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 89-бабына сәйкес әрбір саяси партиядан тек бір ғана партиялық тізім тіркеуге жіберілетінін атап өтті. Сонымен қатар партиялық тізімдегі үш санаттағы өкілдердің, яғни әйелдердің, жастардың және мүгедектігі бар адамдардың жиынтық үлесі кемінде 30 пайызды құрауы тиіс.

«Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының партиялық тізіміне 33 адам енгізілген. Оның ішінде 14 кандидат әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдар санатына жатады, бұл жалпы жиынтық бойынша 30 пайыздан асады. Заңда белгіленген квота талаптары сақталған. Орталық сайлау комиссиясы уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп кандидаттарға қатысты тиісті тексеру жүргізді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесі бойынша партиялық тізімге енгізілген барлық кандидат Қазақстан Республикасы Конституциясының және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келеді деп танылды», - деп атап өтті Михаил Бортник.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі сондай-ақ Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы 2023 жылғы 19 наурызда өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауында сайлаушылардың 5 пайыздан астам дауысын жинағанын атады. Осыған байланысты заңнамаға сәйкес аталған партия сайлау жарнасын төлеуден босатылады.

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тиісті хаттамаларға қол қойғаннан кейін 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» республикалық қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімін тіркеу туралы қаулы қабылданды. Тіркелген кандидаттарға тиісті куәліктер табысталды.

Отырыс қорытындысы бойынша партия басшылығы дәстүрлі брифинг барысында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.