Мамандандырылған жасақ қызметкерлері 15 жастағы қызды шұңқырдан арқанмен алып шықты.
ERNUR.KZ. Өскемен қаласында оқушы қыз шұңқырға құлап кетті, деп жазады ҚазАқпарат.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 30 қазан күні сағат 16.10-да Геологическая көшесінің маңында жасөспірім шұңқырға құлап кеткен. Оқиға орнына құтқарушылар шұғыл келіп жетті.
«Мамандандырылған жасақ қызметкерлері 15 жастағы қызды шұңқырдан арқанмен алып шықты. Содан кейін оқушы жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырылды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Департамент мамандары өңір жұртшылығына қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді. Ата-аналар қандай жағдай болмасын балаларды қараусыз қалдырмауы керек.