Марқұмның 57 жаста екені белгілі болды.
Фото: istockphoto.com
ERNUR.KZ. Өскеменде тұрғын үйлердің бірінің ауласынан ер адамның мәйіті табылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 4 қараша күні полицияға Өскемен қаласының бір ауласында 57 жастағы ер адамның мәйіті табылғаны жөнінде хабар түсті.
Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Алдын ала деректерге сәйкес, қылмыс тұрмыстық негізде жасалған.
Полиция қызметкерлері істің мән-жайын жан-жақты және объективті анықтау мақсатында қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр.
Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпараттар ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді», – делінген облыстық ПД хабарламасында.


