Өскеменде вирусқа қарсы 48 түрлі қытайлық дәрі сатқан адам сотталуы мүмкін

0
912

Шығыс Қазақстан облысында ел аумағында сертификатталмаған дәрі-дәрмектерді сату фактісі анықталды.


Өскеменде вирусқа қарсы 48 түрлі қытайлық дәрі сатқан адам сотталуы мүмкін

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. ҚР ҚМ ҚМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері ШҚО бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті қызметкерлерімен бірге сертификатталмаған дәрілерді сату фактісін анықтады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Өскемен қаласындағы сауда үйлерінің бірінде өкілетті органдарда тіркеусіз, заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру фактісі ашылды. Атап айтқанда, облыс орталығының 42 жастағы тұрғыны Қытайда шығарылған дәрілік заттарды сату бойынша лицензиясыз қызметті жүзеге асырған», - делінген хабарламда.

Сауда орнын тексеру барысында Қазақстан Республикасында рұқсат құжаттарынсыз сатылымға шығарылған 48 түрлі вирусқа қарсы дәрілік заттар мен антибиотиктер заңсыз айналымнан алынды.

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша ҚР ҚК 214-бабының 1 б. (заңсыз кәсiпкерлiк) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.