Отбасы банк алдын ала және аралық қарыздарды толық мерзімінен бұрын өтеу тәртібін өзгертеді

0
173

Бұрын алдын ала немесе аралық заем алған клиенттер іс жүзінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту бойынша өз мақсаттарын жүзеге асырды.


Отбасы банк алдын ала және аралық қарыздарды толық мерзімінен бұрын өтеу тәртібін өзгертеді

2025 жылдың 2 шілдесінен бастап "Отбасы банк" АҚ-ның ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) өнім желісі шарттарында өзгерістер күшіне енеді. Жаңартулар тұрғын үй құрылыс жинақтары (ТҚЖ) жүйесі шеңберінде ресімделген алдын ала және аралық тұрғын үй заемдарын мерзімінен бұрын толық өтеуге қатысты.

Енді жоғарыда көрсетілген қарыздар толық мерзімінен бұрын өтелген жағдайда:

• қарызға байланған депозиттегі жинақтар автоматты түрде негізгі борыш қалдығын өтеу есебіне жіберілетін болады;

* міндетті түрде тұрғын үй құрылысы жинақтары туралы шарт бұзылады;

* жаңа заем ресімдеу үшін жаңа депозит ашу не бұрын берілген қарызға байланбаған өзге қолданыстағы депозитті пайдалану қажет болады.

Жаңашылдық ұзақ мерзімді жинақтарды көтермелеуге және тұрғын үй несиелерін беру үшін тұрақты қаржы қорын қалыптастыруға негізделген ТҚЖ жүйесінің іргелі қағидаттарын сақтау қажеттілігімен негізделеді.

ТҚЖ жүйесі өзара қолдау қағидаты бойынша жұмыс істейді: кейбір салымшылардың жарналары есебінен басқалары қол жетімді заем ресімдеуге мүмкіндік алады – жылдық 3,5%-дан (ЖТСМ 3,6%-дан 4,4%-ға дейін) жылдық 8,5%-ға дейін (ЖТСМ 9%-дан 9,6%-ға дейін). Яғни, кейбір салымшылар жинақ жасап жатқанда, басқалары соның арқасында ең төменгі мөлшерлемелер бойынша қарыз ала алады. Жаңа салымдардың тұрақты ағыны қаражатты бөлудің тұрақтылығын, әділдігін қамтамасыз етеді және азаматтардың кең ауқымы үшін тұрғын үй қарыздарының қолжетімділігін кеңейтеді.

Бұл салымшылар үшін нені білдіреді?

Бұрын алдын ала немесе аралық заем алған клиенттер іс жүзінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту бойынша өз мақсаттарын жүзеге асырды. 2025 жылдың 2 шілдесінен бастап заемды толық мерзімінен бұрын өтеу кезінде қарызды өтеу есебіне депозиттегі жинақтарды пайдалану және депозитті кейіннен жабу міндетті шарт болады. Бұл ТҚЖ жүйесінің барлық қатысушылары үшін тең және ашық жағдайларды қамтамасыз етеді.

Отбасы банк тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету, ресурстарды әділ бөлу және қазақстандықтар үшін қолжетімді тұрғын үй кредитін беру арқылы оларды қолдау жұмыстарын жалғастыруда.