Өзбекстанда министр кәмелетке толмаған қызын күйеуге берген

0
1 153

Өзбекстанда ерлер мен әйелдер үшін неке жасы 18 жас болып бекітілген.


Өзбекстанда министр кәмелетке толмаған қызын күйеуге берген

ERNUR.KZ. Өзбекстанның Мәдениет министрі Озодбек Назарбеков кәмелетке толмаған қызын әнші Йоркинхужа Умаровқа тұрмысқа берді, деп жазады inbusiness.kz.

Артистің анасы Зохида Умарова жақында берген сұхбаттарының бірінде үйлену тойы кезінде қалыңдық 17 жаста, ұлы 31 жаста болғанын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Өзбекстанда ерлер мен әйелдер үшін неке жасы 18 жас болып бекітілген. Дәлелді себептер болған жағдайда, ерекше жағдайларда (жүктілік, баланың тууы, кәмелетке толмағанды әрекетке қабілетті деп тану – эмансипация) неке жасын төмендетуге болады, бірақ бір жылдан аспау қажет.