"Өзен арнасы өзгертілген": Шығыс Қазақстанда алтынды заңсыз өндірген топ ұсталды

0
105

Заңсыз қызметке 30-дан астам адам, оның ішінде Қытай азаматтары тартылған.


фото: Sputnik / Илья Наймушин

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында алтынды заңсыз өндірген атоп ұсталды, деп жазады sputnik.kz.
Олар Марқакөл ауданындағы Ақбұлақ ауылының маңында тиісті рұқсат құжаттарынсыз құрамында алтыны бар кенді өндірген.
"Құрамында алтыны бар кенді заңсыз өндіріп, қоршаған ортаға елеулі залал келтірген. Атап айтқанда, топырақтың құнарлы қабаты бүлініп, жер бедерінің табиғи құрылымы бұзылған, сондай-ақ өзен арнасы өзгертілген. Заңсыз жұмыстар жалпы аумағы 30 гектар жер телімінде ауыр арнайы техника мен өндірістік кешендерді пайдалану арқылы жүргізілген", – делінген агенттік хабарламасында.
Заңсыз қызметке 30-дан астам адам, оның ішінде Қытай Халық Республикасының азаматтары тартылған.
Тінту барысында алты 40 тонналық жүк көлігі, төрт шынжыр табанды экскаватор, бір тиегіш, сондай-ақ құрамында алтыны бар кенді өндіруге және жууға арналған екі өндірістік кешен тәркіленді.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.