Пара алғандарды хабарлаған қазақстандықтар туралы ақпарат мемлекеттік құпия саналады

0
979

Пара туралы ақпарат хабарлаған адамға материалдық төлем ғана берілмейді, олар мемлекеттің қорғауында болады.


Пара алғандарды хабарлаған қазақстандықтар туралы ақпарат мемлекеттік құпия саналады

ERNUR.KZ. Сыбайлас жемқорлық туралы ақпарат хабарлаған қазақстандықтар қорғауда, олар туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып саналады. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің әкімшілік-құқықтық департаменттің директоры Айгүл Базарбаева айтты, деп жазады тengrinews.kz.

"Сыбайлас жемқорлық деректері туралы хабарлаған адамдарды қорғау - ең өзекті мәселе. Мен БАҚ-қа мониторинг жүргіздім. Қолданыстағы заңнама мұндай адамдарды қорғау тиісті дәрежеде жүзеге асып жатқанын куәландырады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңға сәйкес, пара туралы ақпарат хабарлаған адамға материалдық төлем ғана берілмейді, олар мемлекеттің қорғауында болады. Осы адам туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып саналады. Қылмыстық қудалау органдары осы адамды қылмыстық процеске куә ретінде шақырады, тиісінше қылмыстық іс жүргізу кодексінің және қылмыстық процеске қатысушыларды мемлекеттік қорғау туралы заңның нормаларымен оларды қорғау шаралары міндетті түрде орындалады", - деп атап өтті Айгүл Базарбаева брифингте.

Ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке қоңырау шалған адамдар заңмен қорғалғанын атап өтті.