Парацетамолдың орнына басқа қандай дәрі қолдануға болатыны айтылды

0
4 555

Дене қызуын төмендету үшін парацетамолдан бөлек, өзге де қабынуға қарсы дәрілік заттарды қолдануға болады.


Парацетамолдың орнына басқа қандай дәрі қолдануға болатыны айтылды

ERNUR.KZ. ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова "COVID-19 диагностикасымен қамтуды көбейту. Халықтың өсіп келе жатқан сұранысына байланысты дәрі-дәрмектер мен жеке қорғаныс құралдарын жеткізуі туралы" сараптамалық брифингі барысында дене қызуын төтендететін парацетамолдың орнына тағы қандай дәрілік заттарды қолдануға болатынын айтты, деп жазады baq.kz.

"Науқастарға арналған жадынама парақшаларында да дене қызуын төтендету үшін парацетамолдан бөлек, өзге де қабынуға қарсы дәрілік заттарды қолдануға болатыны анық жазылған. Мысалы, "Ибупрофен". Ол түрлі дозалы және формалы болады. Парацетамолмен салыстырғанда дене қызуын түсіру әрекеті жағынан екі дәрі өте ұқсас. Бірақ, бұл препараттардың барлығын (парацетамолды да) тек нұсқаулық бойынша қолдану керек, себебі олар гепатоуытты болып келеді. Сондықтан, бұл дәрілерді қолдану жиілігі тәулігіне 3-4 реттен аспауы керек", - деді ол.

Вице-министр елордадағы медициналық ұйымдарда дене қызуын өлшейтін құрылғы тапшылығына қатысты құрылғыларды жеткізуде мәселе туындамағанын айтты. Дегенмен, Людмила Бюрабекова дене қызуын өлшейтін құрылғылардың бар-жоғына байланысты қосымша ақпарат берілетінін жеткізді.

Бұған дейін вице-министр парацетамол дәрісі Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Қарағанды облысындағы дәріханаларға келіп түскенін мәлімдеген болатын.