Павлодар әуежайы 1 сәуірден бастап жұмысын тоқтатады

0
182

1 сәуір мен 1 қараша аралығында әуежайда ұшу-қону жолағын кеңейтумен бірге қайта жаңарту жұмыстары жүргізіледі.


Павлодар әуежайы 1 сәуірден бастап жұмысын тоқтатады

Сурет: Instagram/airport_pavlodar

ERNUR.KZ. Павлодардағы әуежай 2025 жылдың 1 сәуірінен бастап ұшу-қону жолағын қайта жаңартуға байланысты жабылады, деп жазады zakon.kz.

Осылайша, ведомствоның мәліметінше, 1 сәуір мен 1 қараша аралығында әуежайда ұшу-қону жолағын кеңейтумен бірге қайта жаңарту жұмыстары жүргізіледі.

"Осыған байланысты барлық бағыттар бойынша әуе қатынасы тоқтатылды", – делінген 11 наурыздағы ресми мәлімдемеде.

2025 жылдың қаңтарында Көлік министрлігі Зайсан, Катонқарағай және Кендірлі курорттық аймақтарында үш жаңа әуежайдың құрылысы туралы хабарлады.