​«Павлодар дамымай қалған»: өз аккаунтында балағат сөз айтқан әйел ірі көлемде айыппұл арқалады (ВИДЕО)

0
60

Ол Павлодар қаласының дамымай қалғанын айтып, ашуланған.


​«Павлодар дамымай қалған»: өз аккаунтында балағат сөз айтқан әйел ірі көлемде айыппұл арқалады (ВИДЕО)

Фото: скриншот

ERNUR.KZ. Алматы қаласында тұратын 41 жастағы Шынар Ақаева Павлодарда жүріп, әлеуметтік желіде балағат сөздер айтқаны үшін ірі көлемде айыппұл арқалады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Павлодар полициясы оның видеосын мониторинг кезінде тауып, оны жазалаған.
«Полицейлер оның жеке басын жедел анықтады. Ол Алматы қаласының тұрғыны, 41 жастағы Шынар Акаева болып шықты. Әлеуметтік желіде ұсақ бұзақылық жасағаны үшін сот оған 86 500 теңге көлемінде айыппұл салды», - деп хабарлайды Павлодар облысының полициясы.
Естеріңізге сала кетейік, Маңғыстаудағы сарбаздардың аруағын қорлаған Шымкент тұрғыны да жазаланған болатын.