1955 жылы туған әйел денесінің шамамен 35 пайызы күйіп қалған.
ERNUR.KZ. Павлодар облысында газ баллоны жарылып, бір әйел күйіп қалған, деп жазады stan.kz.
Оқиға 5 желтоқсанда Ақтоғай ауылындағы Марденов көшесінде болған.
"Газ баллоны жарылып, тұрғын үйге жапсарлас салынған қалқа мен ас бөлмені қиратқан. 25 шаршы метр құрылыс қираған", - дейді Ақтоғай ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Әділхан Мағзамов.
1955 жылы туған әйел денесінің шамамен 35 пайызы күйіп қалған. Жарылысқа "газ баллонының нұсқаулық бойынша сақталмауы" себеп болған.