Павлодар облысында кәмелетке толмаған інісі мен әпкесінің зорланғаны анықталды

0
184

Павлодар облысының Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілінің ақпараты бойынша, екі күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.


Павлодар облысында кәмелетке толмаған інісі мен әпкесінің зорланғаны анықталды

Фото: pixabay.com

ERNUR.KZ. Павлодар облысында кәмелетке толмаған колледж студентінің зорлау фактісін тергеу кезінде оның мектепте оқитын інісінің де зорланғаны анықталды, деп жазады stan.kz.

Павлодар облысының білім басқармасы іс туралы пікір білдірді.

"Колледждің кәмелетке толмаған студентіне қатысты зорлық-зомбылықты сотқа дейінгі тергеу барысында оның мектеп оқушысы болған інісіне да қатысты зорлық-зомбылық фактісі анықталды. Кәмелетке толмағандарға психологиялық көмек көрсетіледі", - деп хабарлады ведомство.

Павлодар облысының Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілінің ақпараты бойынша, екі күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.